05.05.2025

Луиш Мата «Қайрат» сапында 2027 жылға дейін қалатын болды

Луиш Мата «Қайрат» сапында 2027 жылға дейін қалатын болды

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Луиш Мата «Қайрат» сапында 2026 жылдың соңына дейін ойын көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- «Қайрат» футбол клубы 27 жастағы португалдық қорғаушымен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды. Луиш маусымның басында командаға қосылып, барлық жарыста 9 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді, - деп жазылған хабарламада.

Португалдық Луиш Мата 1997 жылы дүниеге келген. мансабында португалиялық, польшалық, испаниялық клубтарда доп тепкен. Алматылық клуб сапына биылғы жылдың басында қосылды.

2011-2017 ылдарда Португалияның жастар және жасөспірімдер құрамасында ойнаған. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас