8 сағат бұрын
Футболдан әлем чемпионы өмірден озды

Фото: Bob Thomas Sports Photography via Getty Images
Футболдан Аргентина құрамасының аңыз қорғаушысы Луис Гальван 78 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қаралы хабарды алғаш болып Аргентина футбол қауымдастығы мәлім етті.
— Аргентина футбол қауымдастығы Луис Гальванның қайтыс болуына байланысты қайғырып, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады, – делінген мәлімдемеде.
Гальванның нақты неден көз жұмғаны әзірге хабарланған жоқ. Алайда, бірнеше апта бұрын ол бүйрек инфекциясына байланысты Кордова қаласындағы ауруханаға жатқызылған болатын.
Луис Гальван футболдағы ғұмырының басым бөлігін өз еліндегі «Тальерес Кордова» клубында өткізіп, 250-ден астам матчта 25 гол соққан.
Сондай-ақ, футболшы 1978 жылы өткен әлем біріншілігінде Аргентина құрамасымен бірге жарыс қожайыны ретінде топ жарды. Ал жалпы «Альбиселесте» жейдесінде 34 матч өткізген.
