6 сағат бұрын
ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаменті 7-турға сараптама жасады

Видеодан скриншот
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 7-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады. Бұл жөнінде Sport12.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды
«Жеңіс» – «Ақтөбе»
90+3-минут – Алаң иелері шабуыл жасап жатқан сәтте доп қонақтардың айып алаңына ұзын паспен жеткізіледі. Қонақтардың №6 қорғаушысы жоғары секіріп, допты баспен қайтарып жібереді. Қорғаушы секіріп түскен соң, алаң иелерінің №19 шабуылшысы қарсыласқа қарай жүгіріп, секіріп барып онымен қақтығысады. Контакт шабуылшының бастамасымен болған – ол қарсыласқа қарай секірген, ал қорғаушы тарапынан ешқандай қосымша қимыл не қолмен әрекет болмаған.
Мұндай жағдайларда дұрыс шешім – ойынды жалғастыру, өйткені ереже бұзылған жоқ.
VAR тарапынан дұрыс әрекет – араласу және бейнеқайталауды (OFR) ұсынып, төрешіге жағдайды қайта қарауға кеңес беру.
«Тұран» – «Жетісу»
57-минут – Қонақтардың №77 ойыншысы алаң иелерінің №2 ойыншысының артында тұрып, аяғын соза отырып, бутсысының шегесімен қарсыластың ахилл сіңірі тұсына тиіп кетеді. Бұл сәтте допқа ойнау мүмкіндігі болмаған және бұл әрекет қарсыластың денсаулығына айқын қауіп төндірді.
Мұндай жағдайларда дұрыс шешім – тікелей еркін соққы белгілеп, ойыншыны алаңнан қуып шығу (қызыл карточка).
VAR тарапынан дұрыс әрекет – араласу және бейнеқайталауды (OFR) ұсыну.
«Қайсар» – «Астана»
67-минут – Алаң иелерінің айып алаңында №2 шабуылшы допты бақылауда ұстап, алға ұмтылады. №19 қорғаушы допқа ойнауға тырысып, аяғын созады, алайда допты дәл тигізе алмай, қарсыласын шалып жібереді.
Мұндай жағдайда дұрыс шешім – пенальти белгілеу.
Егер бас төреші бұл сәтті байқамай қалса, VAR араласып, пенальти белгілеуді ұсынуы тиіс.
84-минут – Доп алаңнан аутқа шығып кеткен соң, қонақтардың №10 ойыншысы алаң иелерінің №8 ойыншысының табанына жеңіл ғана тиіп кетеді. Бұл әрекет алаңнан тыс жерде болған және аса күш қолданылмаған, дегенмен бұл – спорттық емес мінез-құлық.
Мұндай жағдайда дұрыс шешім – сары карточка көрсету.
VAR тарапынан дұрыс шешім – араласпау.
87-минут – №77 қорғаушының №77 шабуылшыға қарсы айқын ереже бұзуы тіркеледі. Төреші әділ түрде пенальти белгілейді. Алайда, доп ойында қайта еніп үлгермей тұрып, қақпашы екі аяғымен қақпа сызығынан алға шығып кетіп, допты қайтарады.
Мұндай жағдайда дұрыс шешім – пенальтиді қайта орындату және қақпашыға ауызша ескерту жасау (бұл оның алғашқы ереже бұзуы болғандықтан).
VAR тарапынан дұрыс шешім – бейнеқайталаусыз (OFR) араласып, пенальтиді қайта орындатуды ұсыну, себебі бұл – нақты дерекке негізделген шешім.
«Елімай» – «Оқжетпес»
59-минут – Алаң иелерінің айып алаңында №23 қорғаушы допты өзіне қалдыруға тырысып, аяғын созып, №7 қарсыласын шалып құлатады. Бұл әрекет ережеге сай емес.
Мұндай жағдайда дұрыс шешім – пенальти белгілеу.
