6 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының көшбасшы футболшылары шетелде қанша табыс табады?

Sport12.kz сайты Telegram-дағы «Дядя Ваня» арнасына сілтеме жасай отырып, қазақстандық футболшылардың шетелдегі жалақылары жайлы мәліметтерді жариялады.
Бұл деректер Еуропа елдеріндегі футболшылардың қаржылық ақпаратын жариялап отыратын беделді Capology.com сайтындағы ашық дереккөздер мен инсайдерлік мәліметтерге сүйеніп дайындалған.
Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия)
Тараз тумасы 2023 жылдың тамызынан бері Түркияның алпауыт клубында өнер көрсетіп келеді. Оның жалақысы жылына €1,7 млн, яғни айына шамамен €142,5 мың (83,6 млн теңге). Бұл «Бешикташ» клубындағы жалақы бойынша 11-орын.
Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)
25 жастағы қорғаушы Ресей Премьер-лигасының үздік клубтарының бірі – «Зенитте» үш жылдан астам уақыт бойы ойнап жүр. Оның жылдық табысы €855,3 мың, ай сайынғы жалақысы €71,2 мың (≈41,8 млн теңге).
Максим Самородов («Ахмат», Ресей)
22 жастағы шабуылшы 2023 жылы «Ахмат» клубымен 4 жылдық келісімшартқа қол қойды. Ол маусымда 5 гол және 3 нәтижелі паспен көзге түсті. Жылына €610,9 мың, айына €50,9 мың (29,8 млн теңге) алады. Қаржылық тізімде 8-орында.
Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия)
Қазіргі таңда командасы Түркия чемпионатының соңғы сатысында. Аймбетовтың жылдық табысы €608,6 мың, ай сайынғы жалақысы €50,7 мың (29,7 млн теңге). Клуб ішінде 8-орын.
Георгий Жуков («Пуща», Польша)
Польша Экстракласасының аутсайдері саналатын клубтағы орташа легионерлік жалақы €115–130 мың аралығында. Айына бұл шамамен €9 500–10 800 (≈5,5–6,3 млн теңге) құрайды.
