6 сағат бұрын
Сегіз мәрте жеңіліс: «Атырау» командасы құрбандық шалды

Қазақстан Премьер-лигасында қатарынан сегізінші мәрте жеңілген «Атырау» командасы құрбандық шалды, деп хабарлайды Sport12.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл жөнінде спорт журналисі Бек Төлеуов өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Бейнежазбада атыраулық футболшылардың бірқатары және команданың бас менеджері Дидар Сыдықбектің бар екенін көрініп тұр.
- Команда биылғы біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Сондықтан құрбандық шалуды дұрыс көрдік. Алдағы ойындарда жеңіске жетеміз деген оймен құрбадық шалдық, - деді Дидар Сыдықбек.
«Атырау» биыл тоғыз ойынның сегізінде жеңіліп қалды. Турнир кестесінде үш ұпаймен он бірінші орында келеді.
Олар алғашқы турда өз алаңында семейлік «Елімайды» 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.
