4 сағат бұрын
Криштиану Роналдудың ұлы алғаш рет Португалия жасөспірімдер құрамасына шақырту алды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайтын әйгілі шабуылшы Криштиану Роналдуның ұлы Португалияның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Португалия құрамасы Хорватияда өтетін халықаралық турнирге қатысады. Жас ойыншылар Жапония, Грекия және Англия құрамаларымен бақ сынайды.
Қазіргі таңда Роналдудың ұлы «Әл-Наср» клубының балалар командасында ойнап жүр. Бұған дейін ол «Посуэло», «Ювентус» және «Реал Мадрид» академияларында да жаттыққан.
