8 сағат бұрын
«Интер» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

Фото: championat.ru
Италияның «Интер» командасы UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олар жартылай финалда Испанияның «Барселона» командасын 4:3 есебімен жеңді.
Ойынның 21-минутында «Интер» сапынан аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес мергендік танытты. Ал 45-минутта «Барселона» қақпасына белгіленген пенальтиден Хакан Чалханоглу мүлт кеткен жоқ.
Испаниялық клуб сапынан Эрик Гарсия 56-минутта есеп айырмасын қысқартса, Дани Ольмо 60-минутта таразы басын теңестірді.
Олардың әріптесі Рафинья 88-минутта «Барселонаны» алға шығарса, 93-минутта италиялық клубтан Франческо Ачерби қақпаны дәл көздеді.
Осылайша негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын қосымша кезеңге жалғасты.
Қосымша кезеңнің 99-минутында Давиде Фраттези соққан гол «Интерге» жеңіс алып келді. Нәтижесінде олар финалға жолдаам алды.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 3:3 есебі тіркелді.
Енді 7 мамырда «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Арсенал» (Англия) жасыл алаңға шығады. Алғашқы ойында франциялық команда 1:0 есебімен басым түскен еді.
Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен арена» стадионында болады.
