20 сағат бұрын
«Ертіс» Бірінші лигада көш бастады

Павлодарда Қазақстан Бірінші лигасының бесінші туры аясында өткен матчта жергілікті «Ертіс» командасы алматылық AKAS клубын қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын Павлодарда өтті және бұл кездесудің фавориті ретінде «Ертіс» саналды. Күтілгендей, алаң иелері жеңіске жетті — есеп 1:0. Жеңісті голды 68-минутта Рауан Орынбасар соқты.
Бұл жеңістің арқасында «Ертіс» 13 ұпай жинап, Бірінші лига турнир кестесінің көш басына шықты. Алайда, 12 ұпайы бар «Каспий» командасы «Алтайға» қарсы ойында жеңіске жетсе, қайтадан бірінші орынға оралуы мүмкін. Ал AKAS клубы бес ойыннан кейін 4 ұпаймен 11-орында тұр.
