10 сағат бұрын

Футболдан Еуропа лигасы финалында англиялық екі клуб кездесед

Футболдан Еуропа лигасы финалында англиялық екі клуб кездесед

Фото: Championat.com

Футболдан UEFA Еуропа лигасы финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Атлетик Бильбао» (Испания) шеберлік байқасты.

Алғашқы кездесуде англиялық клуб 3:0 есебімен басым түскен еді. Сондықтан «Атлетик Бильбао» жолдаманың қолдан сусып бара жатқанын түсініп, бірден шабуыл ұйымдастыруға тырысты. Осындай сәттің бірінде Микель Хаурехисар 31-минутта амергендік танытты.

Есесіне одан кейін испаниялық команда өз қақпасынан төрт мәрте допты алып шығуға мәжбүр болды. «Манчестер Юнайтед» сапынан Мэйсон Маунт 72, 91, Каземиро 80, Расмус Хойлунд 85-минутта гол соқты.

Осылайша англиялық клуб қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Тағы бір ойында Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубы сырт алаңда норвегиялық «Бодо-Глимт» командасын 2:0 есебімен жеңді. Олардың қатарынан Доминик Соланке 63, Педро Порро 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Бірінші ойында да «Тоттенхэм Хотспур» 3:1 есебімен басым түскен еді.

Талғат Орынбасар Астанадағы турнирде күміс медаль алды

Дзюдо 31 минут бұрын

Талғат Орынбасар Астанадағы турнирде күміс медаль алды

Астанадағы турнирде Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды

Дзюдо 48 минут бұрын

Астанадағы турнирде Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды

Астанадағы турнирде екі дзюдошымыз алтынға таласады

Дзюдо 2 сағат бұрын

Астанадағы турнирде екі дзюдошымыз алтынға таласады

Бүгін Премьер-лигада «Жеңіс» пен «Қайрат» кездеседі

Футбол 2 сағат бұрын

Бүгін Премьер-лигада «Жеңіс» пен «Қайрат» кездеседі

Илья Топурия келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын мәлімдеді

ММА/UFC 2 сағат бұрын

Илья Топурия келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын мәлімдеді

Париж Олимпиадасының жүлдегері жантүршігерлік оқиғадан қаза тапты

Басқа 3 сағат бұрын

Париж Олимпиадасының жүлдегері жантүршігерлік оқиғадан қаза тапты