10 сағат бұрын
«Челси» Конференция лигасы финалына шықты

Фото: Championat.com
Англияның «Челси» командасы UEFA Конференция лигасы финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Англиялық клуб жартылай финалда швециялық «Юргорден» клубымен жасыл алаңға шықты. Алғашқы матчта англиялық клуб 4:1 есебімен жеңген еді.
Кездесу барысында лондондық команда тек бір голмен шектелді. Оны 38-минутта Кирман Дьюсбери-Холл өзінің еншісіне жазды. Бұл голдан кейін есеп айырмасы өзгерген жоқ.
Осылайша қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен «Челси» финалға жолдама алды.
Тағы бір ойында «Фиорентина» (Италия) мен «Бетис» (Испания) ойнады. Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде испаниялық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қарымта кездесуде италиялық команда негізгі кезеңде дәл сондай есеппен қарсыласын тізе бүктірді. Олардың қатарынан Робин Госенс 34, 42-минутта мергендік танытса, испаниялық клубтан Антони 30-минутта гол соққан еді.
Қосымша кезеңде «Бетис» сапынан Эз Абде 97-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты.
Осылайша кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Қос ойынның нәтижесімен «Бетис» финалға шықты.
Финал 28 мамырда Польшаның Вроцлав қаласындағы «Вроцлав» стадионында болады.
