11 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан екі мәрте тең түсті

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қатарынан екі мәрте тең түсті

Фото: Kffleague.kz

 Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 5-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бүгін, 9 мамырда көш басында келе жатқан қарағандылық «Шахтер» мен ақтаулық «Каспий» командалары үшін сәтсіз болды. 

Қарағандылық команда сырт алаңда Павлодар облысының «Екібастұзымен» кездесті. Биыл Премьер-лигаға қайта оралуды алдына мақсат еткен «Шахтер» бұл жолы ойламаған жерден 2:2 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде олар қатарынан екі мәрте тең түсуге мәжбүр болды. 

Ойынның 39-минутында олардың қатарынан Арман Нүсіп пенальтиден есеп ашса, екібастұздық клубтан Даниял Кәкенов 45-минутта таразы басын теңестірді.

Ал Шадман Бәкіров 83-минутта «Екібастұзды» алға шығарса, қарағандылық футболшы Айдос Тәттібаев қорытынды есепті белгіледі.  

Тағы бір ойында ақтаулық «Каспий» өз алаңында өскемендік «Алтайға» 1:2 есебімен есе жіберсе, алматылық «Хан тәңірі» Түркістан облысының «Жетісайын» 2:0 есебімен тізе бүктірді.

8 мамырда павлодарлық «Ертіс» алматылық AKAS клубын 2:0, «Түркістан» «Таразды» 1:0 есебімен жеңсе, «Ақтөбе-2» мен «Қайрат-2» (Алматы) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал астаналық «SD Family» өз алаңында шымкенттік «Академия Оңтүстік» клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.


Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс 6 сағат бұрын

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 6 сағат бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 7 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 7 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді