9 сағат бұрын
«Бавария» клубы 100 млн еуроға футболшы сатып алмақ

Германиялық беделді Bild басылымының хабарлауынша, мюнхендік «Бавария» мен «Байер» клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц арасындағы келіссөздер сәтті аяқталған, деп хабарлайды Sport12.kz
22 жастағы футболшы алдағы уақытта «Бавария» сапына қосылуға ниетті.
Дереккөздің мәліметінше, «Бавария» жас жұлдыз үшін «Байерге» 100 миллион еуро көлемінде қаржы ұсынуға дайын. Егер клубтар келер жазда мәмілеге келе алмаса, Вирц 2026 жылға дейін күтуге дайын екенін мәлімдеген.
Флориан Вирц 2024/25 жылғы маусымда барлық турнирлерде 43 матчқа қатысып, 16 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Ол Германия футболының басты таланттарының бірі саналады және Еуропаның бірнеше алпауыт клубтарының назарына ілінген.
