9 сағат бұрын
Opta суперкомпьютері Еуропа Лигасының чемпионы кім болатындығын болжады

Футболдағы cараптамалық көрсеткіштермен танымал Opta суперкомпьютері Еуропа Лигасының 2024/25 жылғы маусымындағы финалында ойнайтын «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» командаларының жеңіске жету ықтималдығын есептеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жасалған болжамға сәйкес, «Манчестер Юнайтедтің» бас жүлдені иелену мүмкіндігі — 50,7%, ал «Тоттенхэм» клубының жеңіске үміті — 49,3% деп бағаланған.
Еске салайық, жартылай финалда «Манчестер Юнайтед» Бильбаоның «Атлетик» клубын қос кездесу қорытындысы бойынша, 7:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ал лондондық «Тоттенхэм» Норвегияның «Будё-Глимт» командасын 2:0 және 3:1 есебімен ұтып, финалға жолдама алған.
Финалдық кездесу 21 мамырда Бильбаодағы «Сан-Мамес Баррия» стадионында өтеді. Аталған турнирдің қазіргі чемпионы — Италияның «Аталанта» клубы.
