1 күн бұрын

ҚПЛ: «Жеңіс» елордада «Қайратқа» есе жіберді

ҚПЛ: «Жеңіс» елордада «Қайратқа» есе жіберді

Фото: vesti.kz

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 20-турында «Жеңіс» пен «Қайрат» командалары кездесті, деп хабарлайды Sport12kz.

Алдағы шілде айына белгіленген аталған ойын алматылық клубтың сол уақытта еурокубок ойындарына қатысуына байланысты алдын ала өткізілді.

Биыл «Қайрат» біріншілікті сәтті бастады. Қазір турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал «Жеңістің» жолы болар емес. Жеті турдан кейін бес мәрте тең түсіп, екі жеңілістен кейін оныншы орынды місе тұтып тұр.

Кездесу барысында алматылық клуб сапынан Георги Зариа 26-минуттан пенальтиден мүлт кетпесе, 36-минутта Валерий Громыко есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңнің 46-минутында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков дөрекілігіне байланысты қызыл қағаз алды. Төреші оны алаңнан қуып, алматылық клуб он ойыншымен қалды. 

Ойынның 77-минутында «Жеңіс» сапынан Хунко Мартинес Мигель Анхель есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен одан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.

Айта кетсек, бұл матчтан кейін сегізінші тур басталады. Үш ойын 10 мамырға белгіленсе, 11 мамырға үш кездесу белгіленген.

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Футбол

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдерге үміт артамыз?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдерге үміт артамыз?

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қонақ болды

Дзюдо

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қонақ болды

Александр Бублик Италиядағы турнирде алысқа бармады

Теннис

Александр Бублик Италиядағы турнирде алысқа бармады

Нұралы Әліптің командасы жеңіске жетті

Футбол 4 сағат бұрын

Нұралы Әліптің командасы жеңіске жетті

Григорий Бабаян «Астана» клубында қаржылық мәселе барын айтты

Футбол 4 сағат бұрын

Григорий Бабаян «Астана» клубында қаржылық мәселе барын айтты