6 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Қайрат Нұрдәулетовтің Instagram парақшасынан

«Ертіс» командасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов павлодарлық жанкүйерлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде бапкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ол аталған клуб тізгінін биылғы жылдың қаңтар айының басында ұстаған еді. Павлодарлық клуб Бірінші лигада бес турдан кейін 13 ұпаймен көш басында келеді. Еншісінде төрт жеңіс, бір тең ойын бар.

- Құрметті Павлодар жанкүйерлері! Футболдағы өмір әрдайым күтпеген сәттерге толы, бүгін сіздерге алғыс айтып, қош айтысар сәт келді. Біздің бапкерлік штаб «Ертістің» тізгінін небәрі бірнеше ай ғана ұстады, бірақ сол уақыттың бәрінде біз бұл жобаға жан-тәнімізбен берілдік.

Бар мүмкіндікті ескере отырып, біз ауқымды жұмыс атқарып, болашақ жеңістерге негіз болатын берік іргетас қаладық. Бүгінгі «Ертістің» павлодарлық жанкүйерлердің арманын орындап, команданы отандық футболдың элитасына қайтаратын әлеуеті бар екеніне сенемін.

Клуб футболшылары мен қызметкерлерге бірлескен жұмыс үшін шынайы алғысымды білдіремін✊

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс 5 сағат бұрын

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 6 сағат бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 6 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 7 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді