4 сағат бұрын

Ескек есуші Сергей Емельянов 10 дүркін Азия чемпионы атанды

Ескек есуші Сергей Емельянов 10 дүркін Азия чемпионы атанды

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, каноэ спортынан 500 метрде жұптасып жарыста Руфина Искакова екеуі мәре сызығын алғашқы болып қиды.

Айта кетсек, былтыр Жапония астанасы Токио қаласында өткен лицензиялық құрлық чемпионатында Сергей мен Руфина аталған қашықтықта жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Осылайша Сергей Емельянов өз мансабында оныншы мәрте құрлықтық доданың жеңімпазы атанып отыр.

Қазірге дейін биылғы құрлықтық додада қазақстандық спортшылар екі алтын алып үлгерді. Байдаркамен 500 метр қашықтықтағы жарыста Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко чемпион атанса, Ольга Шмелёва әріптесі Ирина Подойниковамен бірге байдаркамен жұптық сында 500 метрге жарыста дәл сондай жетістікті бағындырды.

Сондай-ақ ел құрамасы қоржынында Қазірге дейін ел құрамасынан байдаркамен жарыста Стелла Суханова, Бекарыс Раматулла екінші орынға тұрақтады. Каноэде 500 метрге ескек есуде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Футбол

«Барселона» – «Реал»: Эль-Класиконы қайдан көреміз?

Нұралы Әліптің командасы жеңіске жетті

Футбол 12 минут бұрын

Нұралы Әліптің командасы жеңіске жетті

Григорий Бабаян «Астана» клубында қаржылық мәселе барын айтты

Футбол 37 минут бұрын

Григорий Бабаян «Астана» клубында қаржылық мәселе барын айтты

Абай облысы бокс федерациясына атқарушы директор тағайындалды

Бокс 47 минут бұрын

Абай облысы бокс федерациясына атқарушы директор тағайындалды

Олег Болякин: Норвегияның агрессивті ойнайтынын білдік

Хоккей 2 сағат бұрын

Олег Болякин: Норвегияның агрессивті ойнайтынын білдік

Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері

Дзюдо 3 сағат бұрын

Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері