4 сағат бұрын
Григорий Бабаян «Астана» клубында қаржылық мәселе барын айтты

Қазақстан Премьер-Лигасының 8-турында «Астана» өз алаңында «Тобылдан» 1:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Матчтан кейін бас бапкер Григорий Бабаян команданың ойынына қатысты пікір білдіріп, клубтың ішкі мәселелерін ашық айтты.
— Өте нашар бірінші тайм өткіздік. Команда рухани күйзелісте болды. Бұл нәтиже үшін жанкүйерлерден кешірім сұрағымыз келеді. Бірақ бізде қаржылық қиындықтар бар. Бұл мәселені шешу үшін, қор басшылығымен кездесу керек. Мұндай жағдай ары қарай жалғаса алмайды. Бұған дейін екі рет жаттығуды тоқтатуға мәжбүр болдым. Енді біз қор өкілдерімен кездесуді күтіп отырмыз және жақын арада бұл мәселе шешіледі деп үміттенеміз, — деді Бабаян.
Еске салайық, «Астана» өз алаңында «Тобылға» 1:3 есебімен есе жіберді.
