3 күн бұрын
Андрей Карпович: Төрешіліктің деңгейі – масқара

Фото: «Елімай» ФК
«Елімай» футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан Премьер-лигасының 8-туры аясындағы «Ақтөбеге» (0:1) қарсы жеңілістен кейін төрешілердің жұмысына шағымданды, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Ақтөбеге оралғаныма қуаныштымын. Мұнда әрдайым тамаша атмосфера, жанкүйерлер ерекше қолдау көрсетеді. Ойынға келсек — екі түрлі тайм болды. Бірінші таймда өте әлсіз, сенімсіз ойнадық, көп нәрсе жүзеге аспады. Екінші таймда тактикалық өзгерістер жасап, қарсыласқа бейімделдік және ойында басымдыққа ие болдық деп ойлаймын. Бірақ, ерекше атап өтетін жайт — төрешіліктің өте төмен деңгейі. Бұл фактор ойынның нәтижесіне тікелей әсер етті. Біріншіден, Қасым соққан айып добына дейін біздің ойыншымызға қарсы ереже бұзылды. Бұл эпизодты қайта қарап шықсаңыздар, футбол түсінетін адамға анық көрінеді. Екіншіден, Қасымға қарсы таза пенальти белгіленбей қалды. Бұл менің жеке пікірім. Сондықтан бұл мәселені көтергім келді. Осындай сәттер біздің футболымыздың деңгейін түсіреді,– деді Карпович баспасөз маслихатында.
Аталған кездесуде бас төреші қызметін Руслан Сұлтанғалиев атқарды.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 8 турынан кейін «Елімай» 13 ұпаймен жетінші орында келеді. Ал еншісінде 19 ұпайы бар «Ақтөбе» турнир кестесінде екінші сатыға жайғасқан.
