1 күн бұрын
«Ұлытаудың» сырт алаңдағы тарихи голы мен «Атыраудың» тығырығы: 8-турдың басты сәттері

Қандай жайттар тіркелді?
- 7 матчта 21 гол соғылды;
- 38 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды;
⁃ 8-тур ойындарын 47 750 адам стадионнан тамашалады.
⁃ Ең көп 12 400 жанкүйер «Ақтөбе» - «Елімай» ойынын тамашалады.
⁃ 8-турда 216 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 123 отандық футболшы (негізгі құрамда 78 ойыншы, қосалқы құрамнан 45 ойыншы) доп тепті.
⁃ «Жетісу» араға 7 тур салып, қарсылас қақпасына гол соқты.
⁃ «Оқжетпес» 4 тур бойы жеңіліссіз келеді.
⁃ «Атырау» 9 матч қатарынан есе жіберді.
⁃ «Ордабасы» 4 ойын қатарынан қарсыласын жеңіп, өз қақпасына небәрі 1 гол жіберді.
⁃ «Ақтөбе» 3 тур қатарынан қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп келеді. Әзірше олар чемпионаттағы ең аз 4 гол өткізген.
⁃ «Қайсар», «Елімай» осы турда қақпаға дәл соққы бағыттай алмады.
⁃ «Ұлытау» клубы сырт алаңдағы алғашқы голын салды.
Қай елдің футболшылары гол соқты?
Қазақстан - 8
Беларусь - 3
Грузия - 2
Испания - 1
Бразилия - 1
Молдова - 1
Черногория - 1
Кот-д’Ивуар - 1
Марокко - 1
Нигерия - 1
Автогол - 1
Ойын нәтижелері:
«Жеңіс» – «Қайрат» – 1:2
«Қызылжар» – «Ұлытау» – 2:1
«Тұран» – «Атырау» – 1:0
«Астана» – «Тобыл» – 1:3
«Жетісу» – «Оқжетпес» – 1:3
«Ордабасы» – «Қайсар» – 5:0
«Ақтөбе» – «Елімай» – 1:0
