1 күн бұрын

«Реалдың» жаңа бас бапкері белгілі болды

«Реалдың» жаңа бас бапкері белгілі болды

Фото: Alex Grimm/Getty Images

«Байер» футбол клубының бас бапкері, испаниялық маман Хаби Алонсо мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, қос тарап 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған. Журналист өз сөзінде Алонсоның «Реалды» осы жазда өтетін Клубтар арасындағы әлем чемпионатына бастап баратынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Хаби Алонсо «Байерден» маусым соңында кететінін ресми хабарлаған еді. 43 жастағы бапкердің жетекшілігімен леверкузендік клуб өткен маусымда Германия чемпионы атанып, Ел кубогын иеленген болатын.

Ал «бланкостың» қазіргі тәлімгері Карло Анчелотти бапкерлік мансабын Бразилия ұлттық құрамасында жалғастырады деген қауесет бар. Италиялық маманның тұсында корольдік клуб биылғы маусымда бірде-бір трофейге қол жеткізе алмады.

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 3 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 4 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис 4 сағат бұрын

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо 4 сағат бұрын

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды

Дзюдо 4 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды