14 сағат бұрын

Қазақстандық футболшының клубы жоғарғы дивизионнан «ұшып» кетті

Қазақстандық футболшының клубы жоғарғы дивизионнан «ұшып» кетті

Фото: «Пуща» ФК

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков доп тебетін «Пуща» футбол клубы Польша чемпионатының 32-туры аясында өз алаңында «Сталь Мелецтен» жеңілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Неполомице қаласындағы қалалық стадионда өткен кездесу 2:3 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталды.

Осылайша, чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда «Пуща» ресми түрде Премьер-лигамен қош айтысты. Енді біріншіліктің қалған матчтарының бәрінде жеңіске жетсе де, Неполомиценің клубы қауіпті аймақтан шыға алмайды.

Айта кетейік, Георгий Жуков «Пуща» намысын осы жылдың ақпан айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта отандасымыз польшалық клуб сапында 11 ойын өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 2 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 3 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис 3 сағат бұрын

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо 3 сағат бұрын

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды

Дзюдо 3 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды