11 сағат бұрын

Сон Хын Мин өзін бопсалаған әйелге айып тақты

Сон Хын Мин өзін бопсалаған әйелге айып тақты

Фото: Catherine Ivill / AMA / Getty Images

Футболдан Оңтүстік Корея құрамасы мен «Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Сон Хын Мин 20 жастағы әйелді бопсалау әрекеті үшін айыптады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күдікті әйел мен оның сыбайласы Сеулде құрықталды. Бүгінде жергілікті құқық қорғау ұйымы тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Футболшының заңгерлік тобы күдікті 2024 жылдың маусым айында Сон Хын Миннен жүкті екенін жалған айтып, бұл жайлы тіс жармау үшін ірі көлемдегі ақша талап еткенін мәлімдеді. Дереккөзге сенсек, сұралған қаражат көлемі ондаған миллион оңтүстіккореялық вонды (ондаған мың АҚШ доллары) құраған.

Қазіргі уақытта полиция бұл іске қатысы бар адамдардан жауап алуда.

Айта кетейік, Сон Хын Мин «Тоттенхэм» намысын 2015 жылдан бері қорғап келеді. 32 жастағы ойыншы биылғы маусымдағы 40 ойында 10 гол соғып, әріптестеріне 12 нәтижелі пас берді.

«Ролан Гаррос» турниріне елімізден кімдер қатысатыны белгілі болды

Теннис

«Ролан Гаррос» турниріне елімізден кімдер қатысатыны белгілі болды

Криштиану Роналду – әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы

Футбол 3 сағат бұрын

Криштиану Роналду – әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы

«Барселона» сатып алуы мүмкін қақпашылардың есімін жариялады

Футбол 4 сағат бұрын

«Барселона» сатып алуы мүмкін қақпашылардың есімін жариялады

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Бокс 4 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Шахматшы Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Басқа 5 сағат бұрын

Шахматшы Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін