15.05.2025
Андрей Карпович «Елімай» бас бапкері қызметінен кеткен жоқ
Фото: «Елімай» футбол командасы
«Елімай» футбол командасы бас бапкер Андрей Карповичтің қызметінен кетуі жөніндегі ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызмеі мәлім етті.
- Бүгін қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатарында «Елімай» футбол клубының бас бапкерінің ауысуына қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар таралуда. Осыған байланысты ресми түрде мәлімдейміз: клуб қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, деп жазылған хабарламада.
Андрей Карпович - «Елімайдың» түлегі. Ол 1998-2000 жылдары семейлік клубтың намысын қорғап, ел чемпионы атанды.
Одан бұрын ол «Қайратта» бас бапкердің міндетін атқарушы, «Оқжетпес» пен «Қызылжарда» бас бапкер болды.
Сондай-ақ, 2022 жылы ел құрамасының Молдоваға қарсы екі ойынында бас бапкер міндетін атқарды.
Андрей Карпович футболшылық мансабында 1998-2016 жылдар аралығында еліміздің бірқатар клубы мен Ресейдің «Ростов», «Динамо» командаларының жейдесін киді.
Ол семейлік клубтың тізгінін 2023 жылдың қараша айында ұстаған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас