7 сағат бұрын

ҚПЛ-2025 клубтарына мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінді?

ҚПЛ-2025 клубтарына мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінді?

Фото: «Ақтөбе» ФК

Ел чемпионатының 2025 жылғы маусымында бақ сынайтын клубтарға мемлекет қазынасынан барлығы 23,44 миллиард теңге ($46 млн) бөлінді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл туралы «Дядя Ваня» Telegram-арнасы мәлім етті.

Қаржы тұрғысынан ҚПЛ клубтарының алдыңғы шебінде 5 мәрте ел чемпионы «Ақтөбе» тұр. Қызыл-ақты клуб биыл мемлекет есебінен 4,2 миллиард теңге ($8,2 млн) көлемінде қолдау алған. Бұл сома клубтың негізгі, қосалқы, әйелдер және балалар командаларын қамтамасыз етуге жұмсалады. Оның ішінде 1,071 миллиард теңге 2025/2026 жылғы маусымда еурокубоктарға қатысуға арналып отыр.

Екінші орында – Шымкенттің «Ордабасы» клубы. 2023 жылғы ел чемпиондары биыл бюджеттерін қысқартып, 3,5 миллиард теңге ($6,8 млн) қаражатпен маусымға кірісті. Бұл қаржы футзал командасына, балалар футболын дамытуға және Конференция лигасына қатысуға бағытталған.

Үздік үштікті Абай облысының «Елімай» клубы түйіндеп тұр. Олар 2,7 миллиард теңге ($5,3 млн) алған. Бұл сома негізгі командадан бөлек аймақтық жастар және әйелдер футболын дамытуға да жұмсалмақ.

Ең қызығы, «Қайрат» — ҚПЛ клубтары арасындағы ең аз бюджет жұмсайтын команда. Биыл олар мемлекеттік тендерден небәрі 750 миллион теңге ($1,4 млн) ұтып алған. Бұл қаражат жастар және жасөспірімдер командаларын дамытуға бағытталған.

2025 жылғы маусымда аймақтық бюджеттерден футболға барлығы 23,44 миллиард теңге ($46 млн) бөлінген. Бұл тізімге елордалық «Астана» футбол клубы кірмейді. Себебі ол квазимемлекеттік сектор – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры арқылы қаржыландырылады.

2025 жылғы ҚПЛ клубтарының мемлекет есебінен алған қаражат тізімі:

  1. «Ақтөбе» – 4,2 млрд теңге ($8,2 млн)
  2. «Ордабасы» - 3,5 млрд теңге ($6,8 млн)
  3. «Елімай» – 2,7 млрд теңге ($5,3 млн)
  4. «Қызылжар» – 2 млрд теңге ($3,9 млн)
  5. «Қайсар» – 1,9 млрд теңге ($3,7 млн​)
  6. «Оқжетпес» – 1,8 млрд теңге ($3,5 млн)
  7. «Жетісу» – 1,7 млрд ($3,3 млн)
  8. «Ұлытау» – 1,4 млрд теңге ($2,7 млн)
  9. «Тобыл» – 1,3 млрд теңге ($2,5 млн)
  10. «Тұран» – 1,2 млрд теңге ($2,4 млн)
  11. «Жеңіс» – 0,99 млрд теңге ($1,9 млн)
  12. «Қайрат» – 0,75 млрд теңге ($1,4 млн)

Айта кетейік, ҚПЛ биылғы маусымында алматылық «Қайрат» 9 турдан кейін 23 ұпай жинап, турнир кестесінде көш басында келеді.

«Ролан Гаррос» турниріне елімізден кімдер қатысатыны белгілі болды

Теннис

«Ролан Гаррос» турниріне елімізден кімдер қатысатыны белгілі болды

Криштиану Роналду – әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы

Футбол 3 сағат бұрын

Криштиану Роналду – әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы

«Барселона» сатып алуы мүмкін қақпашылардың есімін жариялады

Футбол 4 сағат бұрын

«Барселона» сатып алуы мүмкін қақпашылардың есімін жариялады

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Бокс 4 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Шахматшы Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Басқа 5 сағат бұрын

Шахматшы Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін