5 сағат бұрын
«Астана» футболшылары жаттығудан бас тартты

Бүгін елордалық «Астана» футбол клубының ойыншылары жоспарланған жаттығу жиынына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz сайты.
БАҚ мәліметінше, клуб басшылығы ойыншыларға, бапкерлер құрамына және қызметкерлерге бірнеше ай жалақы төлемеген. Осыған байланысты команда Қазақстан Премьер-Лигасының 9-турындағы «Ұлытауға» қарсы ойынды өткізбеуі мүмкін. Аталған матч Жезқазғанда өтуі тиіс.
Еске салсақ, бұған дейін «Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Тобылдан» (1:3) жеңілгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында команданың қаржылық қиындықтарға байланысты лайықты нәтиже көрсетуі қиындап кеткенін мәлімдеген болатын.
