5 сағат бұрын
«Реал» «Барселонаны» чемпиондығымен құттықтады

Фото: Ira L. Black / Getty Images
Мадридтік «Реал» Ла Лигада мерзімінен бұрын топ жарған басты қарсыласы «Барселонаны» ресми түрде құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
– 2024/25 жылғы маусымда Ла Лига чемпионы атанған «Барселонаны» құттықтаймыз, – делінген клубтың Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Каталониялық клуб кеше түнде «Эспаньолды» 2:0 есебімен жеңіп, 28 дүркін Испания чемпионы атанды. Ханси Флик жаттықтыратын команда 36 турда 85 ұпай жинап, біріншіліктің аяқталуына екі тур қалғанда чемпиондықты өз еншісіне жазды.
Қазіргі таңда турнир кестесінде екінші орынға жайғасқан «Реалдың» қанжығасында 78 ұпай бар.
