8 сағат бұрын
«Астананың» негізгі қақпашы кім болатыны анықталды

Фото: kazpravda.kz
«Астананың» бас директоры Қайсар Бекенов елордалық клуб қақпашыларының ойыны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Биыл Мұхамеджан Сейсенді негізгі қақпашы деп санауға болады. Бірақ Йосип Чондрич бірнеше матчта шықты. Мен бүкіл маусымда Мұхамеджан Сейсен негізгі қақпашы болады деп айта алмаймын. Олардың арасында бәсекелестік болуы керек. Бізде екі мықты қақпашының болғанына өте қуаныштымыз. Мұндай бәсекелестік болмаса, Сейсенде ілгерілеу болмас еді,-деді Бекенов "Sport+"YouTube-арнасында.
Осы маусымның сегіз турында Сейсен «Астананың» жеті матчына қатысып, жеті гол жіберіп алды. Екі ойында ол қақпаны құрғақ ұстады.
