5 сағат бұрын
«Атырау» клубы легионерлерімен қоштасты

«Атырау» футбол клубы төрт шетелдік ойыншымен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sport12.kz
«"Атырау" клубы бразилиялық қорғаушы Матэус Барбосамен, беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Капленкомен, португалиялық Гильерме Мораишпен және ресейлік шабуылшы Евгений Козловпен келісім-шарттардың өзара келісім негізінде тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдейді.
Клуб ойыншыларға атқарған еңбегі мен команда дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, олардың алдағы спорттық мансабында табыс тілейді», — деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
