5 сағат бұрын
Украина футболшысы «Қайрат» клубына қарсы ойнағаны үшін сотталуы мүмкін

Киев қалалық прокуратурасы «Қайрат» клубында ойнаған, Украина құрамасының экс-капитаны Анатолий Тимощукке қатысты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Sport12.kz
Тимощукке тағылған айып Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы – «агрессор мемлекетке жәрдемдесу» бойынша қозғалған. Айыптаулар 2024 жылдың қыркүйегінде өткен жолдастық матчқа тікелей байланысты. Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, бұл ойын Ресей әскери бөлімшелерін қолдауға қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылған.
Аталған матч 8 қыркүйекте «Зенит» пен Алматының «Қайрат» клубы арасында өткен. Футболшылар Ленинград қоршауы құрбандарын еске алу күніне арналған естелік лентасының түстеріндегі футболкалармен алаңға шыққан.
Ойыннан кейін бұл футболкалар ойыншылардың қолтаңбасымен аукционда сатылып, түскен қаражат Курск облысындағы зардап шеккендерге жіберілген. Тимощуктың футболкасы 700 мың рубльге сатылған.
Аталған қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін Украина Қауіпсіздік қызметі (СБУ) жүргізуде. Бұл бап бойынша Тимощукке 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
