17.05.2025
Семейде жаңа стадион 22 мың адамды қабылдайды
Фото: inform.kz
Абай облысының әкімі Берік Уәли мырза даму жоспары жайлы жиында Семей қаласында 20-22 мың көрерменге арналған ірі футбол стадионы салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұған дейін жоспарланған 12 мың орындық жоба қайта қаралып, көлемі ұлғайтылды. Жаңа стадион заманауи талаптарға сай, жаңа ықшам ауданда бой көтермек.
Құрылыс жұмыстарына толықтай KazMinerals компаниясы демеушілік көрсететін болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас