17.05.2025

«Астана» футбол клубы жаңа ойыншылар алуы мүмкін

«Астана» футбол клубы жаңа ойыншылар алуы мүмкін

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов команда құрамын күшейту жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport12.kz

— Құрамды күшейту бойынша жоспар бар. Aлайда бәрі клубтың қаржылық жағдайына байланысты. Қазіргі уақытта біз жаңа футболшыларды бақылап отырмыз. Кейбіреулеріне қатысты нақты мәліметтерді жинаудамыз. Кей ойыншылардың келісім-шарттары аяқталғанын білеміз. Дегенмен олардың қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз. Трансферлік терезе әлі ашылмағандықтан, жаңа ойыншылар келеді немесе біреу командадан кетеді деп нақты айту қиын, — деді Бекенов.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас