4 сағат бұрын
«Астана» ірі демеушімен келісімге келді

Фото: «Астана» ФК
«Астана» футбол клубы ірі демеушімен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы Тотальный футбол KZ Telegram-арнасы ақпарат таратты.
Дереккөздің мәліметінше, «Астана» нарықтағы ірі демеушілердің бірімен ынтымақтастық келісімге қол қойған. Сондай-ақ, клуб құрамын швециялық шабуылшымен күшейтуді жоспарлап отыр. Ресми ақпараттар алдағы күндері белгілі болады.
Айта кетейік, елордалық ұжым Қазақстан Премьер-лигасында 9 турдан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында келеді. Григорий Бабаян шәкірттері келесі ойынын ертең, 18 мамыр «Ұлытауға» қарсы сырт алаңда өткізеді.
