5 сағат бұрын
«Ақтөбе» бір аптада үшінші рет жеңіске жетті

2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасының кезекті турында Көкшетауда «Оқжетпес» пен «Ақтөбе» командалары кездесіп, 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Бұл матч көпшіліктің қызығушылығын тудырған еді. Себебі, алаң иелері 4 ойын бойы ешкімнен жеңілмей келе жатса, «Ақтөбе» де қарсыластарынан жеңіп, тіпті кейінгі 3 кездесуде қақпаларына гол жібермеген болатын.
Алғашқы голды 14-минутта «Оқжетпес» ойыншысы Тимур Досмағамбетов тікелей айып добынан соғып, есеп ашты. Көкшетаулықтар шабуылды жалғастырғанымен, бірінші таймның қосымша минутында Оралхан Өміртаев баспен гол соғып, есепті теңестірді — 1:1.
Екінші таймда ойын тізгінін толық өз қолына алған «Ақтөбе» командасы алдымен Жайро Жанның голы арқылы алға шықты. Артынша ол дубль жасап, есепті 1:3-ке жеткізді.
Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 25 ұпай жинап, турнир кестесінің көшін бастап тұрған алматылық «Қайратты» екі ұпайға басып озды. Ал «Оқжетпес» 14 ұпаймен турнир кестесінде 5-орыннан төмендеуі әбден мүмкін.
Оқжетпес — Ақтөбе 1:3 (1:1)
Голдар: Досмағамбетов 14 (1:0), Өміртаев 45+5 (1:1), Жан 56 (1:2), Жан 65 (1:3)
