16 сағат бұрын
Криштиану Роналдудың ұлы Португалия құрамасындағы алғашқы голын соқты

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлы Португалия U-15 құрамасындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
14 жастағы шабуылшы Влатко Маркович атындағы турнирдің финалында Хорватияға қарсы ойында көзге түсті. 7-нөмірмен алаңға шыққан Роналду-кіші гол соғып, оны әйгілі әкесінің стилінде тойлады. Матч Португалияның 3:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
