6 сағат бұрын
Тарихтағы ең үздік футболшы аталды

Фото: Megan Briggs / Getty Images
Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша тарихтағы ең үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Рейтингтегі үздік үштікке одан бөлек бразилиялық Пеле мен аргентиналық Диего Марадона енді. Ал көш басындағы Мессидің басты бәсекелесі Криштиану Роналду төртінші орынға жайғасты.
IFFHS нұсқасы бойынша футбол тарихындағы үздік 10 ойыншы:
- Лионель Месси (Аргентина)
- Пеле (Бразилия)
- Диего Марадона (Аргентина)
- Криштиану Роналду (Португалия)
- Йохан Кройф (Нидерланд)
- Роналдо (Бразилия)
- Зинедин Зидан (Франция)
- Франц Беккенбауэр (Германия)
- Альфредо Ди Стефано (Аргентина)
- Роналдиньо (Бразилия)
Айта кетейік, Лионель Месси – футболдан Әлем және Олимпиада чемпионы, Чемпионлар лигасының төрт дүркін жеңімпазы. Жылдың үздік ойыншысына табысталатын «Алтын доп» жүлдесін 8 мәрте иеленген. Мансабында испаниялық «Барселона» (2003-2021) мен франциялық ПСЖ-ның (2021-2023) намысын қорғаған. Бүгінде америкалық «Интер Майами» сапында доп тебеді.
Осыған дейін IFFHS футбол тарихындағы үздік қақпашыны анықтаған болатын.
