6 сағат бұрын
Еурокубоктағы қызықты жайт: отандық клубтар мұхит аралына баруы мүмкін

Португалияның Азор аралдарын таныстыратын «Санта-Клара» футбол клубы өз тарихында алғаш рет еурокубоктық турнирге қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz
2024/2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша, Португалия чемпионатында бесінші орынды иеленген команда УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды.
Азор аралдары Атлант мұхитында орналасқан. Ал «Санта-Клара» өз алаңындағы ойындарын Сан-Мигел аралындағы Сан-Роке қаласында өткізеді.
Аталған іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» және «Ақтөбе» клубтары да өнер көрсетеді. Олар «Санта-Клараның» қарсыластарына айналуы мүмкін.
Астана мен Сан-Роке арасындағы арақашықтық 16 мың шақырымнан асады.
