4 сағат бұрын

Көрермендерді 9-тур ойындары қаншалықты таңғалдырды?

Көрермендерді 9-тур ойындары қаншалықты таңғалдырды?

Өткен демалыс күндері ел чемпионатының кезекті туры өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Премьер-Лига

9-тур

17 мамыр

«Оқжетпес» — «Ақтөбе» 1:3 (1:1)

Голдар: Досмағамбетов, 14 минут (1:0), Өміртаев, 45+5 минут (1:1), Жан, 56 минут (1:2), Жан, 65 минут (1:3)

Өткен аптада ғана ғаламтор беттерінде осы маусымда «Ақтөбе» командасына ең көп 4,2 млрд теңге қаржы бөлінген жайлы ақпарат шығып еді. Енді ақтөбеліктер сол ақшасын ақтап жатқандай. 5-рет қатарынан қарсыласын жеңген олар турнир кестесінде 1-орынға көтеріліп кетті. Көкшетау қаласындағы матч турдың орталық кездесуі болмаса да, көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны анық. Себебі, клубтар бірнеше тур бойы жеңілмей келе жатыр. Солай болды да… 90 минут бойы қос тарап аянып қалмады. «Оқжетпес» жылдам әрі қызықты футбол көрсетті. Бірақ өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланған тәжірибелі «Ақтөбе» жеңісті өз еншісіне жазды.

«Атырау» — «Жетісу» 1:1 (0:0)

Голдар: Болов, 51 минутта пенальти (0:1), Цицкишвили, 90+6 минут (1:1)

Атырау қаласының көпшілік клубтарға ыңғайсыз болса да, талдықорғандықтарға майдай жағады. Себебі, қатты жел болса да, жанкүйерлері жалынды қолдаса да, «Жетісу» 6 жылдан бері әлі ұпайсыз қайтқан күні жоқ. Осы жолы тағы сол көрініс қайталанды. Қос аутсайдердің матчында қонақтар сирек голдарын соқса, алаң иелері 9 матчқа жалғасқан жеңіліс сериясын соңғы секундтарда тоқтата алды.

18 мамыр

«Ұлытау» — «Астана» 0:2 (0:0)

Голдар: Грипши, 82 минут (0:1), Басманов, 90+4 минут (0:2)

Матчтың болдысынан боладысы қызық демекші, Жезқазғандағы ойынға «Астана» клубы келмей қалуы мүмкін деген сыбыс тарады. Бірақ дәл кездесудің алдында елордалықтар кешіктірілген жалақысын қолдарына алды деген ақпарат шықты. Бұл ақпарат «Астанаға» әсер еткені анық. Өйткені қонақтар мамыр айындағы бірінші жеңісін тіркеді. Ойын оңайға соқпаса да, Назми Грипшидің шеберлігі кездесу тағдырын шешіп кетті. Ал Станислав Басманов соңғы минутта есепті еселеді.

«Қайсар» — «Тұран» 1:0 (0:0)

Гол: Жақсылықов, 78 минутта пенальти (1:0)

Бақтияр Артаев жанкүйерлерге команда өкілдерімен кездесіп, команданың Жоғарғы лигада қалатынына уәде берді. Кіл қазақтардан құралған жергілікті клубқа осы жолы кіл легионерлерден жасақталған «Тұраннан» ұпай алу қиынға соғатындай көрінген. Бірақ өткен маусымда қызылордалықтар сапында доп тепкен Горан Милойко, Йован Пайович, Василий Совпель, Руслан Юденков білгендерінен жаңылып, қарсыластар қақпасына 1 ғана тура соққы бағыттады. Нәтиже де заңды. Есеп: 1:0. «Қайсар» осы маусымда алғаш рет жеңістің дәмін сезінді.

«Жеңіс» — «Қызылжар» 0:0

Тура бір жыл бұрын Акис Вавалис қиын жағдайда қалған «Жеңіске» келіп, екінші айналымда мықтыларды біраз састырған еді. Тіпті Лига кубогының финалына дейін жетті. Осы маусымда команда сол қарқынын жалғастыра алмады. Әлі жеңіс жоқ. Ал Акис Вавалис отбасы жағдайына байланысты клубпен қош айтысты. Жаңа бапкер ретінде Пірәлі Әлиев тағайындалды. Қазақстан кубогындағы жарқын жеңістен кейін, елордалықтардың физикалық күштері жетпеді ғой деймін. Тіпті стадионға келген 2 000 жанкүйер 90 минутта 1 ғана дәл соққыға куә болды.

«Елімай» — «Қайрат» 1:0 (0:0)

Гол: Свиридов 90 (1:0)

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің «Елімайдың» қазіргі жағдайына көңілі толмайтындығы және кезекті ойында есе жіберсе, Андрей Карповичтің кетуі мүмкін екендігі айтылды. Ал алматылықтар топ басындағы орнын бермеу үшін, жеңіске міндетті түрде жетуі керек болатын. Қос команда да жеңіске ұмтылды. Нәтижесінде қонақтар қорғанысының өрескел қателігі шешуші рөл атқарып кетті. Маңызды сәтте қажетті позицияда орналасқан Иван Свиридов 90-минутта гол соқты.

9-турдағы «Тобыл» — «Ордабасы» матчы шымкенттік клубтың ауа-райына байланысты ұша алмауынан кейінге қалдырылды.

Келесі тур ойындары 24 және 25 мамырда өтеді.

Отандық файтер UFC-дің тарихи турнирінде жекпе-жек өткізеді

ММА/UFC 45 минут бұрын

Отандық файтер UFC-дің тарихи турнирінде жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық әлем чемпионының келесі жекпе-жегі ресми хабарланды

Бокс 1 сағат бұрын

Қазақстандық әлем чемпионының келесі жекпе-жегі ресми хабарланды

2025 жылы Италия чемпионатында бір рет жеңілген Клаудио Раньери қызметінен кетті

Футбол 1 сағат бұрын

2025 жылы Италия чемпионатында бір рет жеңілген Клаудио Раньери қызметінен кетті

«Ақтөбе» әйелдер арасындағы ел біріншілігінде гол соғудан рекордты жаңартты

Футбол 2 сағат бұрын

«Ақтөбе» әйелдер арасындағы ел біріншілігінде гол соғудан рекордты жаңартты

Қазақстан футзал құрамасы бразилиялық легионерінен айырылуы мүмкін

Футзал 2 сағат бұрын

Қазақстан футзал құрамасы бразилиялық легионерінен айырылуы мүмкін

Көркем гимнастика: Қазақстандық жастар  Азия чемпионатынан  олжалы оралды

Басқа 2 сағат бұрын

Көркем гимнастика: Қазақстандық жастар Азия чемпионатынан олжалы оралды