5 сағат бұрын
2025 жылы Италия чемпионатында бір рет жеңілген Клаудио Раньери қызметінен кетті

«Рома» атақты бапкер Клаудио Раньеримен қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz
73 жастағы қария түнде «Миланға» (3-1) қарсы «Олимпикодағы» соңғы матчын өткізді.
Ол маусым аяқталғаннан кейін, спорттық кеңесші лауазымына тағайындалады деп күтілуде.
73 жастағы маман 2024 жылы жазда «Кальяриден» кеткеннен кейін бапкерлікпен қош айтысқан еді. Бірақ «Рома» шақырып, жұмысын қайта жандандарды. «Қасқырлар» Раньери келгенге дейін «А» Сериясында 13 ұпаймен 12-ші орында тұрған еді.
Раньеридің жетекшілігімен 25 матчта 50 ұпай еншілеп, 5-ші орынға жайғасты. Соңғы турда Чемпиондар лигасына жолдама алып қалуы бек мүмкін.
