4 сағат бұрын
«Ақтөбе» әйелдер арасындағы ел біріншілігінде гол соғудан рекордты жаңартты

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Ақтөбе» командасы қарсылас қақпасына гол соғу жөнінен рекордты жаңартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ақтөбелік футболшылар биылғы біріншілікті сәтті өткізіп келеді. Бес турда төрт мәрте жеңіске жетіп, небәрі бір кездесуде тең нәтижеге қанағат білдірді. Қарсыластар қақпасына 36 гол соғып, өз қақпасына небәрі 2 гол жіберіп алды.
Бұл жолы да сәттілік сериясын жалғастырды. Олар өз алаңында «Аттыраумен» кездесуде қарсылас қақпасына жауапсыз 19 гол соқты.
Осылайша ақтөбелік команда «Атырауды» 19:0 есебімен жеңіп, бұған дейін тіркелген рекордты жаңартты.
Нәтижесінде ақтөбелік команда небәрі алты турда қарсыластар қақпасына 55 гол соғып үлгерді.
Айта кетсек, бұдан бұрын екінші турда түркістандық «Тұран-Томирис» көкшетаулық «Оқжетпесті» 18:0 есебімен тізе бүктірген еді.
