4 сағат бұрын

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі

Қазақстанда ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдердің спортқа қолжетімділігін арттыру, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды.2024 жылы басталған AUYLSPORT жобасының аясында Halyk қайырымдылық қоры мен еліміздің баскетбол және волейбол федерациялары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Спорт – ауыл болашағының тірегі

Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қоры ауылдардағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдап келеді. Соның жарқын мысалы – AUYLSPORT жобасы.

Меморандум аясындағы жоспарлар

Ынтымақтастық аясында тараптар келесі бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр:

  • ауыл жастары үшін қолжетімді спорттық секциялар ашу;
  • жаттықтырушыларды қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру;
  • төрешілер корпусын жасақтау;
  • өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстар өткізу;
  • спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету.

Құжатқа Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов, ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының бас хатшысы Жұлдыз Байдусенова, сондай-ақ Қазақстан волейбол федерациясының вице-президенті Ермек Сырлыбаев қол қойды.

Жобаның алғашқы жетістіктері

2024 жылы іске қосылған жоба ауылдық өңірлерде үлкен қолдауға ие болды. Қысқа уақыт ішінде AUYLSPORT аясында барлық өңірде он мыңнан аса бала түрлі спорт түрімен жүйелі түрде айналыса бастады.

Жобаның нәтижелілігін дәлелдейтін басты оқиғалардың бірі – Сербияда өткен халықаралық Гимназиада. Бұл додада ел намысын қорғаған 22 спортшының 12-сі – дәл осы жоба аясында дайындалған жастар. Олар өз өнерлерімен Қазақстанның абыройын асқақтатып, AUYLSPORT бастамасының өміршеңдігін көрсетті.

Қазақстанның баскетбол және волейбол федерациялары – еліміздегі жетекші спорт ұйымдары. Олардың AUYLSPORT жобасына қосылуы ауыл спортын жаңа деңгейге көтереді. Бұл ынтымақтастық тәжірибелі жаттықтырушылар мен әдістемелік қолдауға жол ашып, ауыл балалары үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов өз сөзінде: «Бүгін баскетбол және волейбол федерацияларымен жасалған меморандум – AUYLSPORT жобасының дамуына тың серпін беретініне сенеміз. Бұл серіктестік ауылдық жерлердегі спорт инфрақұрылымын нығайтып, жас спортшылардың дамуына кең жол ашады. Әрі олардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізеді», – деп атап өтті.

Бұл меморандум – ауыл жастарына жаңа мүмкіндіктер ұсынатын, бұқаралық спортты дамытатын және қайырымдылық мәдениетін ілгерілететін маңызды стратегиялық қадам. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, еліміздің барлық өңірлерінде ауыл спортының қолжетімділігін арттыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.

Еске салайық, AUYL SPORT жобасы 2024 жылы облыстық деңгейдегі турнирлерден бастау алды. Оған 200 ауылдан 12 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын танытты. Баскетбол мен волейбол – жоба аясында қамтылған алты спорт түрінің ішінде. Жобаның республикалық турнирінің финалы еліміздің 17 облысынан 1300-ден астам жас спортшыны бір алаңда тоғыстырып, ауыл спортын жаңа деңгейге көтерді.

Halyk қайырымдылық қоры – еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастамаларға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан ірі ұйым. Қор ауылдағы спортты дамытуға 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Сонымен қатар, осы күнге дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, оған 85 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсады.

AUYL SPORT жасөспірімдерге арналған жаңа мүмкіндік, болашақ чемпиондарға алғашқы баспалдақ. Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған бұл жоба ауыл спортына серпін беріп, мыңдаған баланың өмірін өзгертіп жатыр.


Хоккейден әлем чемпионатындағы сенсация: алғашқы аутсайдер белгілі

Хоккей 2 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионатындағы сенсация: алғашқы аутсайдер белгілі

Ақтөбеде таеквондодан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды

Басқа 2 сағат бұрын

Ақтөбеде таеквондодан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды

«Алтын доп» марапаттауы қашан өтеді?

Футбол 2 сағат бұрын

«Алтын доп» марапаттауы қашан өтеді?

Қайрат Ахметов елімізде танымал UFC чемпионымен айқасады

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Қайрат Ахметов елімізде танымал UFC чемпионымен айқасады

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі

Футбол 4 сағат бұрын

Ауыл спорты жаңа деңгейге көтеріледі

Отандық файтер UFC-дің тарихи турнирінде жекпе-жек өткізеді

ММА/UFC 6 сағат бұрын

Отандық файтер UFC-дің тарихи турнирінде жекпе-жек өткізеді