9 сағат бұрын
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкерінің көмекшілері тағайындалды

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Вячеслав Левчуктің көмекшілері тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Команданы баптауға көмектесетін қос маманның бірі белоруссиялық, енді бірі жергілікті маман.
Горовой Борис Олегович Белорусь және Ресей елдерінде қызмет жасаған маман. Ойыншы мансабында «Торпедо», «Зенит» сынды командаларда доп тепті. Соңғы жылдары Санкт-Петербургтық «Динамо» футбол клубының бапкері қызметін атқарды.
Жалбыров Ернар Сулейманович – ақтөбелік бапкер. A-UEFA,
A-ELITE санатындағы лицензиялы маман. «Ақтөбе» жастар командасының бапкері, бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. Одан бөлек QJ league турнирінің «Ақтөбе U-17» командасының бас бапкері болды. QJ league турниріндегі 54 бапкердің ішінен үздік алты бапкердің құрамына енді.
