21.05.2025

Бүгін шағын футболдан әлем чемпионаты басталады

Бүгін шағын футболдан әлем чемпионаты басталады

Фото: sports.kz

Бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында шағын футболдан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Биыл аталған турнирге барлығы 32 құрама қатысады. Онда Қазақстан құрамасы F тобында сынға түседі. Қарсыластары - АҚШ, Босния және Герцоговина, Польша.

Алдымен қазақстандық құрама 22 мамырда Польшамен кездессе, одан кейін 24 мамырда Босния және Герцоговина, 26 мамырда АҚШ-пен ойнайды. 

Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Өзге топтарда құрамалар тізімі төмендегіше:

А тобы: Әзербайжан, Мавритания, Словения, Бахрейн

В nобы: Румыния, Франция, Чад, Өзбекстан

С тобы: Мажарстан, Украина, Англия, Түркия

D тобы: Словакия, Болгария, Португалия, Үндістан

Е тобы: Мексика, Черногория, Таиланд, Коста-Рика

G тобы: Чехия, Грузия, БАӘ, Аргентина 

H тобы: Сербия, Гана, Испания, Израиль.

Дүбірлі дода Бүкіләлемдік шағын футбол федерациясы (WMF) аясында өткізіледі. Турнир 21 мамыр-1 маусым аралығында болады. 

2015 жылғы алғашқы турнирден бастап әлем чемпионаты екі жылда бір мәрте ұйымдастырылады. Ол 2017 жылы Африканың Тунис мемлекетінде болса, одан кейін 2019 жылы Аустралияда, 2023 жылы Біріккен Араб Әмірлігінде жалауын көтерді. Ал 2021 жылы пандемияға байланысты өткен жоқ. Қазірге дейін Чехия 2015 және 2017 жылдарда чемпион атанса, 2019 жылы Мексика, 2023 жылы Румыния кубокты төбесіне көтерді. 

Әлем чемпионаты 1 маусымда мәресіне жетеді.

ҚПЛ: «Қайрат» сәттілік сериясын жалғастыра ала ма

Футбол 4 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» сәттілік сериясын жалғастыра ала ма

«Астана» мен «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді

Футбол 17 сағат бұрын

«Астана» мен «Қайсар» кездесуі кейінге шегерілді

Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы 

Футбол 17 сағат бұрын

Дмитро Рижук – “Атырау” жаңа қорғаушысы 

Футболдан Бірінші лигада  «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Футбол 17 сағат бұрын

Футболдан Бірінші лигада «Ертіс» «Шахтерден» басым түсті

Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Басқа 18 сағат бұрын

Қазақстан паратаэквондо құрамасы Азия чемпионатында 11 медальге қол жеткізді

Тимур Тайбеков Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бокс 23 сағат бұрын

Тимур Тайбеков Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңіске жетті