13 сағат бұрын
Freedom QJ League: Тарихи матчқа билеттер сатылымда

Фото: QJ League
2025 жылдың 7 маусымында Павлодар қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасындағы Freedom QJ League турнирінің алғашқы маусымы жалауын желбіретеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаңа лига Қазақстандағы қыздар футболын дамыту, талантты жас спортшыларды қолдау және кәсіби деңгейге жол ашу мақсатында құрылды.
Алғашқы маусымға еліміздің түрлі өңірінен 8 команда қатысады: «Ертіс», «Шахтер», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Қайрат», «Жетісу», «Астана» және «Тобыл».
Командалар барлығы 14 тур өткізеді. Турнир маусымы 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Біріншіліктің шымылдығын ашатын «Ертіс» пен «Шахтер» командалары арасындағы кездесу қарсаңында QJ League жанкүйерлер үшін футбол тойын ұйымдастырады. Бұл матчта кештің басты хедлайнері – Мирас Жүгінісов ән шырқайды. Сонымен қатар, футболсүйер қауымды басқа да тосынсыйлар күтіп тұр.
Аталған матчқа билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыз. Матч 7 маусым Павлодар қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Түрлі шаралар 17:30-да, ал матч 19:00-де басталады.
Павлодарлықтар мен қала қонақтары, қызықтан құр қалмаңыздар!
