4 сағат бұрын

Орталық стадионда концерт өте ме? - «Қайрат» ресми түсініктеме берді

Орталық стадионда концерт өте ме? - «Қайрат» ресми түсініктеме берді

Фото: Алматы қаласы спорт басқармасы

2025 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың парақшасында пайда болған хабарламаларға байланысты «Қайрат» футбол клубы аталған күннің клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды. Бұл жөнінде Sport12.kz ақпараттық агенттігі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

- 2025 жылғы 16 мамырда «Қайрат» ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алды. Жауап ретінде ресми хатта (20.05.2025 жылғы шығыс № 994-03101) клуб ҚР Чемпионаты Премьер-Лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады.

Республикалық жарыс күнтізбесіне енген «Қайрат» ФК — «Жеңіс» ФК ресми матчы 9 немесе 10 тамызда стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Қайрат» ФК ресми түрде дәлелді бас тарту жіберілген күні концерт өткізетіні туралы жария хабарландыруға таңғалды. Клуб мәдени бастамаларды құрметтейді әрі диалогқа ашық. Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз, - деп жазылған хабарламада.

«Локомотив» - шайбалы хоккейден Гагарин кубогының иегері

Хоккей 19 минут бұрын

«Локомотив» - шайбалы хоккейден Гагарин кубогының иегері

Қазақстандық теннисші Испанияда чемпион атанды

Теннис 35 минут бұрын

Қазақстандық теннисші Испанияда чемпион атанды

Қазақстандық клубтың бұрынғы хоккейшісі көз жұмды

Хоккей 53 минут бұрын

Қазақстандық клубтың бұрынғы хоккейшісі көз жұмды

Футболдан Қазақстан ұлттық және құрамаларына кімдер жетекшілік жасайды

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан ұлттық және құрамаларына кімдер жетекшілік жасайды

Бүгін футболдан бірінші лигада 7-тур ойындары басталады

Футбол 2 сағат бұрын

Бүгін футболдан бірінші лигада 7-тур ойындары басталады

Чемпиондар лигасына жолдама алған 24 клуб белгілі

Футбол 3 сағат бұрын

Чемпиондар лигасына жолдама алған 24 клуб белгілі