6 сағат бұрын
Freedom QJ League: Бесінші турдың ең үздік голы анықталды

Фото: instagram / fcordabasy_academy
QJ League лигасының бесінші турдағы ең үздік голы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
18 жасқа дейінгі футболшылар соққан голдардың ішінен жанкүйерлер ең әсерлісін таңдады.
Үздік гол лиганың ресми Telegram-арнасында онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Жалпы сауалнамаға 4337 адам қатысты. Нәтижесінде 1818 дауыс жинаған «Ордабасы» клубының шабуылшысы Максим Гамаюновтың «Ақтөбе» (3:0) қақпасына соққан добы үздік деп танылды.
- Максим Гамаюнов («Ордабасы») – 42% (1818 дауыс)
- Аламгир Смақов («Қайрат») – 27% (1190 дауыс)
- Әбілқайыр Жармұхамет («Каспий») – 22% (962 дауыс)
- Нұрхан Қағазбаев («Шахтёр») – 7% (301 дауыс)
- Әлихан Жексенбек («Астана») – 2% (66 дауыс)
Голдардың видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Ал жалпы бесінші турда болған алты ойында, жанкүйерлер 27 голдың куәсі болды. Өткен ойын аптасының нәтижесі төмендегідей:
- «Шахтёр» – «Қайрат» – 1:7
- «Ертіс» – «Қайсар» – 3:0
- «Тобыл» – «Тараз» – 2:2
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» – 3:2
- «Жас Қыран» – «Атырау» – 2:2
- «Астана» – «Каспий» – 2:1
Айта кетейік, турнир кестесінде 5 ойынның барлығында жеңіске жеткен алматылық «Қайрат» 15 ұпаймен көш бастап тұр.
