5 сағат бұрын
Freedom QJ League: Бесінші турдың үздіктер құрамасы таңдалды

Фото: QJ League
QJ League лигасының бесінші турдағы үздіктер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лиганың спорттық-аналитикалық бөлімі WyScout қосымшасының статистикалық деректеріне сүйене отырып, өткен аптада үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақтады.
Бесінші турдың үздіктер құрамасына алты түрлі клубтың ойыншылары енді.
Қақпашы: Насихатұлы («Атырау»);
Қорғаушылар: Махамбет («Тобыл»), Мұратов («Атырау»), Айтмұхамбет («Ертіс»), Каликулов («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Елтаев («Астана»), Тойғозы («Ертіс»), Есеналиев («Ордабасы»);
Шабуылшылар: Төлеухан («Қайрат»), Тұяқбаев («Қайрат»), Махмудов («Ордабасы»);
Ал «турдың үздік голы» номинациясы «Ақтөбе» қақпасының торын тулатқан «Ордабасы» шабуылшысы Максим Гамаюновқа бұйырды.
