03.06.2025
«Жетісу» футзал клубы ресми мәлімдеме жасады

Фото: mfc.jetisu
«Жетісу» футзал клубы ресми мәлімдеме жасап, команданың жабылуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады:
«Соңғы уақытта біздің командамыз таратылады деген қауесеттер тарауда. Сіздерді сендіргіміз келеді — бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Біздің командамыз 2025/2026 жылғы футзал маусымында Қазақстан чемпионатына қатысуды жалғастырады және алдағы маусымға дайындық жоспарларын құрып жатыр. Алда жарқын эмоциялар мен тартысты ойындар күтіп тұрғанына сенімдіміз!
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алыңыз — біздің Instagram парақшамызда жарияланған мәліметтерге ғана сеніңіз.
Қолдауларыңыз үшін рахмет!» - деп хабарлады.
