2 күн бұрын
«Қайрат» бас бапкерсіз қалды

Фото: «Қайрат» ФК
«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко келісімшарттың аяқталуына байланысты командадан кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Клуб пен Веласко арасындағы еңбек шарты өз мәресіне жетті. Осыған байланысты «Қайрат» бас бапкермен қош айтысты.
Айта кетейік, Марлон Веласко «Қайрат» футзал клубын 2023 жылдың тамыз айынан бері жаттықтырған еді. Испаниялық маманның жетекшілігімен алматылық ұжым Қазақстан кубогы мен Суперкубогын (х2) жеңіп алып, Masters Cup турнирінде топ жарды. Сонымен қатар, отандық команда биыл Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды.
