9 сағат бұрын
Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық ойындары қашан өтеді

Фото: kazfootball.kz
Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық плей-офф сериясы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екінші жыл қатарынан финалда алматылық «Қайрат» пен «Семей» клубтары шеберлік байқасады.
Алғашқы екі ойын 23-24 маусым күндері Семей қаласында өткізілсе, үшінші кездесу 28 маусымда Алматыға белгіленген. Қажет болған жағдайда 29 маусым Алматыда тағы бір ойын өтсе, бесінші кездесу 5 шілдеде Семейде болуы мүмкін.
Финалда жеңімпаз үш жеңіс бойынша анықталады.
Футзалдан ел біріншілігі 1998 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін алматылық «Қайрат» 20 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кетсек, алматылық ұжым 2004 жылдан бері бас жүлдені ешкімге ұстатпай келе жатқан еді. Былтыр алғаш рет күміс жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды.
2024 жылы алғаш рет «Семей» командасы чемпиондық атақты жеңіп алды.
Айта ктесек, бұдан бқрын «Қайрат» жартылай финалда «Атырауды» 3-1 (1:3, 6:0, 5:2, 2:1) есебімен жеңсе, «Семей» «Ақтөбені» үш ойында да (4:2, 8:1, 6:2) қапы қалдырды.
