9 сағат бұрын
Қазақстан футзалшылары ЕУРО-2026 плей-офф кезеңінде азулы қарсыласқа тап болды

Еуропа чемпионаты – 2026 футзал турнирінің плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасы финалдық кезеңге жолдама алу үшін, Еуропаның екі дүркін чемпионы Италия құрамасымен бақ сынайды. Матчтар 15 және 24 қыркүйек күндері өтеді.
Еске салайық, іріктеу кезеңінде Қазақстан өз тобында 10 ұпаймен екінші орынды иеленген болатын.
Айта кетейік, Еуро-2026 футзал чемпионаты келесі жылдың басында Латвия, Литва және Словения елдерінде өтеді.
